Егеменді еліміздің болашақ азаматтарына терең білім беру, оны өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру-бүгінгі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктеп отырғандығы белгілі.
Заман талабына сай қойылып отырған міндеттерді шешу мектептегі оқу жұмысының жаңа формалары мен оқытудың жаңа әдістерін іздестіріп,орнымен шебер қолдануды қажет етеді.
Тиімді ұйымдастырылған оқу сабақтарының әр түрлі формаларын үйлестіру оқушылардың жеке басын жан-жақты дамытуға ,ғылыми –теориялық білімін,танымдық ынтасын,шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып дамытуға негіз болады. Өнегелі тәрбие алуға ,білім сапасын көтеруге байланысты білім саласында жоспарлы түрде белгілі бір іс-шаралар ,әр түрлі жарыстар өтіп тұратындығы белгілі,соның бірі –жыл сайын өтіп тұратын кезеңдік олимпиадалар.Математикадан есеп шығаруға ерекше мән беретіндігін білеміз,сондықтан олимпиада барысында оқушылардың орындаған жұмысы көбінесе олардың есептерді шығаруда қаншалықты төселгендігі арқылы бағаланады.Ал есеп болса сан қилы,оның белгілі бір жолы,қалыптасқан формуласы әр уақытта бола бермейді, ендеше оқушының мақсаты есеп қиын не оңай болсын оны шығарудың дұрыс жолын жаңылмай таңдай білуінде.Дұрыс,әдемі әрі тиімді де қысқа жолды таңдай білу-ол баланың тапқырлығын,зеректігін,ойлауға икемділігін,дербестігін білдіреді.Мұндай ерекше оқушылардың әрі қарай тапқырлығын дамыту үшін оларды тек оқулықпен шектемей, қосымша әдебиет пен кезекті басылым беттерінде кездесетін қызықты,конкурстық ,стандарт емес олимпиадалық есептерді талдап шығаруға әрқашан бағыт-бағдар беріп отыру керек деп ойлаймын.Сондай сабақтарымның бірін сіздермен бөлісемін.
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін күрделі есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін зеректігі мен тапқырлық қасиеттерін дамыту
Тәрбиелілік мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенділікке, сауаттылыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Жаттықтыру мақсаты: Оқушыларды еркін ойлауға, сөйлеуге, ойын еркін айтуға, тақтада жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Өту әдісі: Баяндау, есептер шығару
Конфуцийдің нақылы:
“Айтқанды – ұмытамын,
Көрсеткенді – есімде сақтаймын
Талап қойып орындатқанды – терең түсінемін.”
Сабақтың барысы.1.Тақырыпты түсіндіру.
1-мысал:
а>c саны 99-ға бөлінетінін көрсетіңдер . – үш таңбалы сан
1-мысалдың шешуі:
Сондықтан ,
2-мысал: 2 негізінің тізбектес үш дәрежесінің қосындысы 14-ке бөлінетінін көрсетіңдер.
2-мысалдың шешуі:
3-мысал.n-нің кез келген мәнінде өрнегінің мәні 8- ге бөлінетінін дәлелдеңдер.
3-мысалдың шешуі:
сондықтан
2.Тақырып бойынша есептер шығару.
1-тапсырма: саны 11-ге бөлінетінін дәлелдеңдер.
2-тапсырма: 5 негізінің тізбектес екі дәрежесінің қосындысы 30-ға бөлінетіндігін көрсетіңдер.
3-тапсырма: санының 45-ке бөлінетіндігін көрсетіндер.
4-тапсырма: қосындысының 5-ке бөлінетіндігін дәлелдеңдер.
5-тапсырма: Тізбектес үш натурал санның кубтарының қосындысы 3-ке бөлінетінін көрсетіңдер
6-тапсырма: өрнегі n болғанда 9-ға бөлінетіндігін дәлелдеңдер.
7-тапсырма: өрнегі 4-ке еселік болатындығын дәлелдеңдер.
8-тапсырма: 4-тің тізбектес үш натурал көрсеткішті дәрежелерінің қосындысы 84-ке бөлінетінін дәлелдеңдер.
9-тапсырма: Егер m, n, k натурал сандары үшін m+n+k қосындысы 6-ға бөлінсе, онда қосындысы да 6-ға бөлінетіндігін дәлелдеңдер
10-тапсырма: n кез келген натурал сан болғанда
өрнегі 6-ға еселік болатынын дәлелдеңдер.
Үй тапсырмасы.
№1 n-нің натурал мәнінде
а) өрнегі 16-ға,
ә) өрнегі 21-ге бөлінетінін көрсетіңдер
№2 өрнегі 6-ға еселік болатындығын дәлелдеңдер.
саны n-нің кез келген натурал мәнінде 7-ге бөлінетінін дәлелдеңдер.
№3 Натурал n-нің әрбір мәнінде:
а) мәні 8-ге,
ә) мәні 7-ге бөлінетінін дәлелдеңдер.
Сабақты бағалау.
Омарова К.Т.
Павлодар қаласы,
Абай атындағы№10 лицей-мектебі
математика пәні мұғалімі