Қазіргі кезде тұлғаны жан- жақты білімді,ізденімпаз,ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.Оны шешу үшін білім берудің мазмұнын жаңартып,озық әдіс-тәсілдерді пайдалану керек.Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы,білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол,шығармашылық бағытта еңбектенетін,ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.Сол себепті білім беруді мектептен бастап,оқушыларды өз бетінше білім іздеуге дағдыландыруымыз қажет.
Әл-Фараби атындағы №10 жалпы орта мектебінде «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында физика,информатика,математика апталығы болып өтті. Апталық жоспары бекітіліп,қабырға газеті,логикалық есептер мен ребустар,буклеттер мен рефереттар қойылды.Апталықтың ашылу салтанатында 3-5-8 сыныптардың қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды. 11 сәуір күні 4-сыныпта математикадан «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтілді.Пән мұғалімі: Абдраманова Мадина.Сабақта оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін тиімді қолданды.12 сәуір күні 3-сыныпта математикадан «Он көбейту үш,отыз бөлу үш түріндегі көбейту және бөлу» тақырыбында Киізбаева Манат ашық сабағын ұйымдастырды.Оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыра отырып, есептерді шешудің тиімді тәсілдерін қолданды.12 сәуір күні 8-сыныпта алгебрадан «Интервалдар әдісімен шешуге есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өтілді.Пән мұғалімі:Әліпбекова Құндыз.Сабақты табиғаттың құбылыстарымен байланыстырды.Оқушылардың белсенділігі,топпен жұмыс істеуі,пәнге қызығушылығы байқалды.12 сәуір күні 5-6 сыныптар аралығында «Кім күшті,кім епті?» тақырыбында спорттық сайыс ұйымдастырылды.Сайыста математикадан есептер берілді, спорттық кезеңдер бойынша оқушылар жарысқа түсті.Жарыс қорытындысы бойынша 6-сыныптан құрылған «Умные» тобы жеңіске жетті.13 сәуір күні
5-сыныпта «Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өтілді.Пән мұғалімі:Қолдасбекова Әйгерім.Сабақты «ЭКСПО» тақырыбымен байланыстырды.Оқушылардың белсенділігі жоғары деңгейде болды.13 сәуір күні математикадан 2-сыныпта «Көбейту және бөлу тақырыбында » ашық сабақ өтілді.Пән мұғалімі:Асубаева Роза.Сабақта оқушылар жұпта,топта ынтымақтастықта жұмыс жасады.13-сәуір күні 7-сыныпта «Энергия.Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары» тақырыбында физикадан ашық сабақ өтілді. Пән мұғалімі:Ошаева Гауһар.Сабақта тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында бірнеше тапсырмалар берілді,оқушылар белсенділік танытты.7-8 сыныптар аралығында 13 сәуір күні «Толағай» спорттық сайысы болды.Сайыс тартысты, қызықты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 8-сыныптан құрылған «Ынтымақ» тобы жеңіске жетті.14 сәуір күні 1-сыныпта «Ақшаны қалай төлейміз?» тақырыбында ашық сабақ өтілді.Пән мұғалімі: Үсіпбекова Зеріпкүл.Жаңартылған білім бойынша оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында тапсырмаларды дұрыс орындауға көңіл бөлді.14 сәуір күні 7-8-9-10 сыныптар аралығында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» тақырыбында интелектуальды білім сайысы өтті. Сайыс кезеңі 7-турдан тұрады.Пән бойынша сұрақтар,логикалық есептер, тәжірибелер жасалынды.Сайыстың қорытындысы бойынша 8-сынып оқушысы Ізтілеу Диас «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанды. 15 сәуір күні апталықтың жабылу салтанатында белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл»,-адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады.Оқушылардың білім сапасын көтеру жолында аянбай еңбек етіп жүрген әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін.
Айгерім Қолдасбекова
ОҚО. Түркістан қаласы
Әл-Фараби атындағы №10 жалпы орта мектебі