Есімі үлкен əріппен жазылатын ұстаздардың бірі – Куатбекова Райхан Тұрсиматқызы. «Керемет» бастауыш мектеп-балабақша кешенінің директоры, «Білім беру ісінің қайраткері» төсбелгісі, «Үздік педагог» төсбелгісі, «ҚР Тəуелсіздігіне – 30 жыл» төсбелгісі, «Тəуелсіз Қазақстанның құрметті педагогы» төсбелгісі, «ҚР Құрметті азаматы» төсбелгісі, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері төсбелгісінің иегері болып табылады. Оңтүстік тұрғыны Райхан Тұрсиматқызының өңірдегі білім беру саласы дамуына қосқан үлесін бір мақалада жеткізу мүмкін емес. Білім жанашыры, рухани бай мұғалім. Еліміздің жас ұрпағын тəрбиелеу жəне оқыту жолында аянбай еңбек етуде.
«Керемет» бастауыш мектеп-балабақша кешені» ЖШС – бүгінде бəсекеге қабілетті бастауыш мектеп-балабақша кешені. Кешенде бəсекеге қабілетті ұрпақ тəрбиелеуде жəне жаңашыл форматта білім беруде, білім алушылар үшін барлық жағдай жасалған.
Бəсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы ресурстары болуы мүмкін. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бəсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Ал бұл мақсатқа білімнің салтанат құруы арқылы жетеміз. Қазіргі таңда білім жəне тəрбие берудің барлық деңгейлері бойынша дəстүрлі тəжірибеге инновациялық көзқарастар тұрғысынан келу бағытын ұстану қалыптасты.
Инновациялық үрдіс – білім берудің жүйесін жаңарту жəне дамыту, сонымен қатар қоғамның, əлемнің оқытушысы қажеттілігінен туындаған үрдіс. Инновациялық білім беру құралдары: аудио-видео құралдар, компьютер, ноутбук, моноблок, интерактивті тақта, графопроектор, интернет, инновациялық веб-сайт жəне т.б.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші тəжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі заман да қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқа. Өйткені, олар өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя біледі. Ол үшін тəрбие беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды, əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер болып табылады.
«Керемет» бастауыш мектеп-балабақша кешені» ЖШС бала тəрбиесін жүйелі түрде ұйымдастыра отырып, кешенді түрде жан-жақты жоспарлап, жаңа технология үлгісінде тəрбиелік шараларды жүзеге асыруда. Жаңа инновациялық тəрбие берудегі ақпарат құралдарының ролі бастауыш мектеп-балабақша кешені үшін аса маңызды. Мектеп – негізгі жəне қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім алушының жəне оның ата-анасының білім алудағы сұранысын білім берудің вариативтілігін көтеру, білім беру кеңістігінің бірегейлігін сақтау арқылы кəсіби бейімдігі мен қабілетіне қарай жоғарғы деңгейде білім алу мүмкіндігін жасайтын жəне мəдени құндылықтарды сақтау, əлеуметтік-психологиялық, материалдық-техникалық жағдайды көтеру арқылы білім алушылармен педагогтардың жетістікке жетуін дамытуға арналған жəне ұзартылған күн тобы қарастырылған білім беру мекемесі. Алдағы уақытта жаратылыстану-математика бағытындағы заманауи мектеп болып қалыптасу басты мақсатқа айналып отыр. Мектептің білім алушылары қаланың əр мөлтек ауданынан келіп білім алады. Мектептің өз көліктерімен тасымалданады.
Білім мен тəрбиенің алғашқы баспалдығы – бастауыш мектеп. Келешекте баланың жалпы білім алуы мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынуының іргетасы, оның кей қасиеттері, өмірге деген көзқарасының, бейімділігінің, белсенділігінің қалыптасуы осы бастауышта қаланбақ. Демек, бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Ал осы міндеттерді жүзеге асыратын тұлға – Ұстаз.
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Жақсы ұстаздар шоғырланған білім ордасы – «Керемет» бастауыш мектебі – бүгінгі таңда 500 ге жуық оқушы саны бар, бала үшін жағдай жасалған, технологиялық жабдықтармен қамтылған, жаратылыстану-математика бағытын ұстанған өзіндік бағыты бар, атына сай, мақтауға ие бастауыш мектептерінің бірі.
Мектеп директоры – «ҚР Білім беру ісінің қайраткері», «ҚР Құрметті азаматы», «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері», «ҚР Тəуелсіздігіне – 30 жыл», «Ы.Алтынсарин» атындағы, «Білікті басшы – 2022» төсбелгілерінің иегері – Райхан Тұрсиматқызы бастаған ұстаздар қауымы алдыңғы қатарлы тəжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа əдіс- тəсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың білімге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысын тиімді əдіс-тəсілдерді қолданып, ұйымдастыру формасын түрлендіре жүргізіп, шебер қабілеттерімен осы мектеп қабырғасында үлкен рөл атқарып жүр.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың, бастауыш білім берудің əрбір деңгейі бойынша ғылым жүйесінің стандартқа сай негіздерін игеру негізінде тұлғаның құзыреттілігін, жан-жақты дамуын жəне кəсіби бағдарлануын қалыптастыру, мұғалімдердің кəсіби біліктілігін шыңдап, білім сапасын арттыру, оқушылардың фунционалдық сауаттылығын жетілдіру. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы нəтижелі, сапалы білім бере отырып, бəсекеге қабілетті ұрпақ тəрбиелеу. aзіргі тaңдa көшбacшы мұғaлімдeрдің өз жұмыcын жaндaндыруынa мүмкіндігі мол.
Көшбacшының мeктeп бacшыcы болуы міндeтті eмec. Олaр қaндaй дa бір билік тaрaпынaн тəуeлcіз болып тaбылaды, кeріcіншe, мeктeп əкімшілігінің қолдaуынa иe. Олaр өз жоcпaрлaры мeн идeялaрын ұcынa aлaды, aлғa қойғaн мaқcaттaрын жүзeгe acырудa бeлceнді, ниeттec əріптecтeрінің күш – жігeрінe ceнім aртa aлaды, яғни «жоғaры лaуaзымcыз дa жaқcы мұғaлімдeрдің кəcіби шeбeрліктeрі мeн aдaмгeршілік ceнімдeрін қолдaнып aдaмдaрғa əceр eтугe болaды».
Бүгінде көшбасшы мұғалімдер қатары біршама. Олар: Л.Сейдуалиева «ҚР Білім жəне ғылым саласының ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, А. Мамбаева, Г. Асанбаева, Г. Дулдулова «Тəуелсіз Қазақстанның құрметті педагогі» төсбелгісінің иегерлері, Г. Жадилова Бастауыш сынып мұғалімі бойынша «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері, Н. Ахметова «ҚР Мəртебелі ұстазы» төсбелгісінің иегері, М. Əленова қазақ тілі пəні бойынша «Үздік педагог» төсбелгісінің иегерлері, К. Ахметова информатика пəні бойынша «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері, Н. Берік, Қ. Абдреева ағылшын тілі пəні бойынша «Үздік педагог» төсбелгісінің иегерлері, Т. Орынбаева, Г. Жансеитова бастауыш сынып мұғалімі бойынша «Үздік педагог» төсбелгісінің иегерлері.
Дарынды оқушыларды мақсатты түрде анықтау, іріктеу жоспарға сəйкес мектеп психологы мен бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлесе жүргізген диагностикалық зерттеулерінің көмегімен жүзеге асырылады. Дарынды балалардың икемі мен бағытына байланысты қосымша білім алуына бастауыш сынып мұғалімдер тарапынан мүмкіндік жасалынады, қосымша сабақтар өткізіліп білімдерін шыңдайды. Мектептегі оқушыларымыздың жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Қабілетті оқушылармен жұмыс қарқынды жүргізіледі. Мектеп қоржынын біршама алтын, күміс, қола, ең үздік төсбелгілерге жəне де алғыс хаттар мен грамоталарға, мақтау қағаздарына толтырумен келеді. Оқушыларымыздың биік шоғарлы жетістіктері мектеп қабырғасынан игерген тəлім-тəрбиесінің бір айғағы.
Райхан ханым 1966 жылы 22 қарашада дүниеге келген. Отыз жылдан астам тəжірибесі бар жоғары деңгейдегі білім майталманы. Шымкент қаласының тұрғыны болғандықтан, Райхан Тұрсиматқызы Түркістан қаласында тұңғыш «Керемет» бастауыш мектеп-балабақша кешенін ашып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтыды. Жəне Түркістан қаласында ұзартылған күн тобын қарастыратын бастауыш мектеп ашумен қатар, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп, қайырымдылық шараларына бүгінге дейін атсалысуда. Бүгінгі таңда кешенді бастауыш мектеп-балабақшада оқытушылар мен оқушыларға барлық жағдай жасалған, кабинеттер балаларға қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.
«Керемет» кешенінің əрбір ұстазы кез келген шəкіртін парасатты, саналы азамат етіп тəрбиелеуді парыз санайды. Мұндағы мектеп директоры Райхан ханым бастаған педагогикалық қауым озық тəжірибені жетілдіріп, оқу-тəрбие үрдісіне жаңа əдіс- тəсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуде.
Оқушылардың білімге деген сүйіспеншілігін ояту үшін тиімді əдіс-тəсілдерді қолданып, балаларды өз қабілеттерін пайдалана білуге үйретеді, осы мектеп қабырғасында үлкен рөл атқарады. Мектеп мұғалімдері өз мектебінде өткізген қалалық іс-шараларда, қалалық инновациялық семинарда өз біліктіліктерін дəлелдеп, тəжірибелерімен бөлісті. Мектеп басшысы Райхан Тұрсиматқызы 1987-1993 жылдары Ташкент мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1993-1998 жылдар аралығында институтта «Акушерия» пəнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, оны ойдағыдай бітірді. 1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Жетісай қаласының медициналық колледжінің біліктілікті арттыру бөліміне əдіскер жəне «Акушерлік ісі» пəнінің оқытушысы болып қабылданып, 2007 жылы өз қалауы бойынша жұмыстан босатылды. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан халықтар достығы университетінің «Химия жəне биология» кафедрасына «Акушерлік» кафедрасының оқытушысы болып жұмысқа қабылданды. Осында университетте жұмыс істей жүріп «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша қосымша білім алды. 2017 жылы Райхан Қуатбекова Түркістан қаласында бастауыш мектеп кешені – «Керемет» балабақшасын ашып, ресми түрде кешен директоры болып тағайындалды.
«Білімнің негізі – бастауыш мектеп. Бастауыш сыныптағы білім деңгейіне ерекше көзқараспен, тың идеялармен күрделі бастауыш мектебіміз-балабақшамыз құрылды. Бұл кешеннің мемлекеттік мектептен ерекшелігі – ұзартылған күн тобының жұмысы», – дейді ол.
Бүкіл кəсіби ұстаздар ұжымының жетекшілігі мен нəтижелі еңбегінің арқасында жыл өткен сайын бастауыш мектептің деңгейі жоғары деңгейге көтеріліп келеді. Райхан Турсиматқызы мектепті дамыту барысында білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқушылардың білім алуын жетілдіру, мұғалімдерге тұрақты əдістемелік көмек көрсету, қолдау көрсету, тəжірибені жалпылау, жүйелеу, насихаттау, бағалау сияқты маңызды мақсат қойды.
Райхан Қуатбекова бұрыннан халық арасында құрметке, əріптестерінің сеніміне ие болды, оның мыңдаған шəкірттері бар. Осы бір ғажайып əйелдің Қазақстанның дамуы, білімді ұлт болып қалыптасуы жолындағы жемісті еңбегі мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор тарапынан түрлі марапаттар мен көтермелеулермен жоғары бағаланады.
Райхан Тұрсиматқызының мынадай марапаттары бар: 2018 жылы Түркі əлемінің рухани астанасы Түркістан қаласы облыс орталығы болғандықтан, қаланың гүлденуі мен дамуы жолындағы қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, жеке үлес қосқаны үшін «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы А.Өсербаевтан алғыс хат; 2020 жылы Астана қаласы Білім министрлігі жанындағы «Білім өркениеті» инновациялық-зерттеу орталығынан «Үздік ұстаз» төс белгісі; 2021 жылы Астана қаласы Білім министрлігі жанындағы «Білім өркениеті» инновациялық ғылыми-зерттеу орталығынан «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісі жəне куəлігі; 2021 жылы «Білім шыны» қоғамдық бірлестігінен «Тəуелсіз Қазақстанның құрметті ұстазы» төсбелгісі жəне куəлігі.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, «Керемет» бастауыш мектеп-балабақша кешенінің əрбір ұстазы əр оқушыны парасатты, саналы азамат етіп тəрбиелеуді өзінің борышы деп біледі.