Қарты бар ел – қазыналы демекші, қаймағы бұзылмаған қазақы ғұрып тұрғысынан қарар болсақ, ұлтымыздың ұлттық өнегесі, қазіргі қоғамдағы рөлі өлшеусіз. «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» – ұлтымыздың ұрпақ тәрбиешісі ғана емес, қоғамымыздағы барлық берекелі істің бастауы, жақсылықтың ұйытқысы болып табылады.
Бүгін «МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ- де Қазыбек бидің 355 жылдығына орай «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» атты тақырыпта іс-шара өтті.
Басты мақсат оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету болып табылады.
Аталмыш шараны 200-жуық оқушы және 30 ұстаз ұйымдастырды. Олар Қазыбек бидің өмір жолын үш кезеңмен көрсетті. Балалық шағы, жастық шақ және қарттық кезең. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып театырлық қойылыммен Қазыбек би жайлы бұқараға жеткізді.
Театырлық қойлымды үйлестіріп көрсету үшін білім орталығының алаңына қазақ халқының киіз үйін құрып, алтыбақан ораналстырды, сондай-ақ, ұлттық қолөнер көрмесін үйлестіріліп, ұлттық ойындарды ұсынды.
Келген қонақтардың көңілдері шаттанып, керемет әсер алып, арнайы жасыл дағды алаңына өз еңбектерін салып ағаш отырғызу үрдісіне үлестерін қосты. Ағаш отырғызу рәсімі барысында жас ұрпаққа, мектепке деген өз жақсы тілектерімен бөлісті.
Іс-шараға келген қонақтарға тоқталсақ:
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Керімбеков Ақшабай Дүйсебеков, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің әдістеме бөлімінің меігерушісі Каримова Гүлнар Ақойқызы, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің әжелер төрайымы Шаңғожанова Нұртай Уалиқызы, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Исмайлов Құрмаш Исмайылұлы, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің білім орталығының орынбасары Сағатбекова Наизпа Қапанқыз, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сейітқұлова Дәнегүл Рахымқызы, Қазақстан жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, бүкіләлемдік Шыңғысхан және ҚР журналистика академиясының академигі, Жетісу облысының құрметті азаматы Әрін Әміре Әрінұлы, Мектепшілік қамқоршылық кеңесінің төрағасы Серікбаева Жания Каиргазиновна, Мектепшілік ата-аналар комитетінің төрағасы Ким Маржан Қасымханқызы.
Қазақ – қандай да болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес, көрші-қолаңын, туған-туысын, ел-жұртын жинап атап өтетін дархан халық. “Мерекеміздің басты қағидасы жасөспірімдердің яғни ұлттымыздың тәрбиесі – қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелердің, демек, ана тілін, ата тарихын, салт-дәстүрін білмейтін жасөспірімдерге дәріптеу” – деп бөлісті мектеп басшысы Ляйля ханым.
Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өсері шүбәсіз.